БАЛАЛАР ДЕМАЛЫСЫ

«ӨзенМұнайСервис» ЖШС-гі үшін жұмысшылардың балаларының демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалардың толық демалуларына, өзін –өзі танып білуіне, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін — өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамуға, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында жұмысшылардың балаларына  жазғы балалар лагеріне жолдамалар  алынды.

Биыл да 740 жолдама алынып, балалар Көкшетау маңындағы «Сұңқар», «Балдаурен» балалар лагерінде, Алматы маңындағы «Арман Дала», «Ақ бұлақ», «Тау Самал»  балалар лагерінде, Кендірлі маңындағы «Ақ бөбек» лагерінде, Ақтау маңындағы «Фламинго» балалар лагерінде  демалды. Жазғы лагерь – бұл кішкентай өмір, балалардың жақсы тынығып, денсаулықтарының нығайып, нағыз ой мен бойының өсіп, кемеледенетін шағы. Серіктестік үшін балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады.

IMG-20170816-WA0072

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы