Главная \ БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ \ ФОТО КӨРМЕ \ БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ФОТО КӨРМЕ

Скважиналарды жөндеуге 45 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелелік шаралар легі балалар арасында өткізілген сурет байқауымен жалғасты.

Байқау "ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері балаларының арасында өткізілді. Балалар аталмыш мерекеге орай өз тілектерін қылқаламынан төгілген бояулары мен бейнелері арқылы жолдады.

Конкурсқа 7-14 жас аралығындағы 11 үміткер қатысты. Нәтижесінде 10 жастағы Жағалбай Ақерке есімді бүлдіршін І орынға лайық деп танылды. Ал ІІ орынды Меңдібай Нұрxан есімді үміткер иеленді. Байқаудың ІІІ орынын 11жастағы Айтберген Мөлдір жеңіп алды. Байқауға қатысушы үміткер 10 жасар Қайрақбай Сұлтанбек өз туындысымен көрермен көзайымына ие болды.

Жеңімпаз атанған бүлдіршіндер 28 қыркүйек күні «Өндірістік базада» скважиналарды күрделі жөндеуге 45 жыл толуына орай өтетін мерекелік шарада диплом және сыйлықтармен марапатталатын болады.

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы