Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ АРМЫСЫҢ, АМАЛ!

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

АРМЫСЫҢ, АМАЛ! 15.03.2019 11:52

Маңғыстаулықтардың ерекше дайындалып, асыға күтетін Амал  мейрамын биыл да  «ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігі ерекше атап өтті. Қалың қыстан аман-есен шығып, жаңа жылға басы бүтін жеткені үшін шүкірлік етуді дәріптейтін маңызы зор мерекені тойлау таңнан бастау алды. Амалмен арайланған ақ таңда алдымен «ӨзенМұнайСервис» ЖШС ұжымы қаламыздағы «Мұнайшылар» автобекетінде өндіріс қызметкерлерімен құшақ жая көрісіп, бір-біріне ыстық лебіздерін арнады. Қызметкерлерге арнап дастархан жайылып, ыстық бауырсақ пен ағарғаннан ауыз тигізді.

IMG_2965-15-03-19-11-48

 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

IMG_2967-15-03-19-11-48 

IMG_2968-15-03-19-11-48    

 Мереке одан әрі «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-ның бас ғимаратында жалғасын тапты. Әр бөлімде және ғимаратта мерекелік дастархан жайылып, үлкендер «Көрісу» рәсімінің жөн жоралғысын көрсетіп, мән-мағынасын кеңінен айтып берді. Басшылық пен мамандар бір-біріне ризашылықтарын білдіріп, шырайлы көктеммен бірген енген Амал мерекесімен құттықтады. Жайылған дастархан басына үлкен ас қойылып, түрлі тәттілер ұсынылды.

IMG_2962-15-03-19-11-48

IMG_2959-15-03-19-11-48

IMG_2958-15-03-19-11-48

IMG_2961-15-03-19-11-48

IMG_2950-15-03-19-11-48

         Ұлттық негізімізді ұлықтап, дәстүрімізге ерекше жан бітіретін Амал мейрамының маңызын арттыру мақсатында «ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігі қала көлемінде «Мұнайшы» мәдениет үйінің алаңында өткізілген «Амал» тойына да үлес қосты. Мекеме атынан ақшаңқай ақ үй тігіп, ұлттық тағамдармен көмкерілген дастархан жайды. Мерекелік бас қосуда серіктестік басшылары, мекеме зейнеткерлері және өзге де қонақтар қатысты. Қазақ үйде  ән мен жыр айтылып, қария-ақсақалдардың өсиет-сөздері тыңдалды. Ұлттығымызды ұлықтаған осындай ерекше мейрамда салт-дәстүрімізді жаңғырту үшін серіктестіктегі «Есепшілер» бөлімінің аға есепшісі Гүлшат Қожанепесова «Бесікке салу» рәсімін жасап, дәстүрдің орындалу үрдісін көрсетті.

IMG_2942-15-03-19-11-48

IMG_2956-15-03-19-11-48

IMG_2955-15-03-19-11-48

IMG_2957-15-03-19-11-48

 

      Аталмыш шараның жоғары деңгейде өтуіне мекемедегі «Жас мамандар» кеңесі атсалысты. Отырыста зейнеткерлер дастарханның ақ батасын беріп, мереке соңы естелікке фотоға түсүмен аяқталды.

#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс #amal2019# korisu2019 #амал2019 #корису2019 #көрісу2019 #амалжаңаөзен #амалжанаозен #amalzhanaozen

 


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы