Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ "БОЛАМ ДЕГЕН ЕЛДІҢ БАЛАСЫ БІРІН-БІРІ БАТЫР ДЕР"

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

"БОЛАМ ДЕГЕН ЕЛДІҢ БАЛАСЫ БІРІН-БІРІ БАТЫР ДЕР" 02.01.2019 19:00

 

 

БОЛАМ ДЕГЕН ЕЛДІҢ БАЛАСЫ БІРІН-БІРІ БАТЫР ДЕР 00

Жаңаөзендік кәсіпқой боксшы Уалихан Бисенкуловқа алғыс білдіру мақсатында "ӨзенМұнайСервис" ЖШС бастамасымен Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының қолдауымен кездесу өткізілді.

Жиында қала жастары, "ӨзенМұнайГаз" АҚ, "ӨзенМұнайСервис" ЖШС, "Бұрғылау" ЖШС, "ҚазГӨЗ" ЖШС, "СӨжТБ" ЖШС жас мамандары бас қосты.

Халықаралық ареналарда Маңғыстау облысының намысын қорғап, ылғи нокаутпен жеңіп, өзін үздіктер қатарынан көрсетіп жүрген бабы келіскен спортшыға "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігі директорының м.а. О.Н.Тарғыновтың атынан алғыс xат пен адай шежіресінен сыр шертетін 9 томдық жинақ тарту ретінде табыс етілді. Сонымен қатар, спортшыға ерекше ризалығын білдіріп қала әкімдігі мен өзге де мекемелер атынан сый-сияпаттар берілді.

Уалиxан Бисенкулов Маңғыстау облысының абыройын асқақтатып жүрген кәсіпқой боксшы. Ол бұған дейін жоғары деңгейде сегіз кездесу өткізіп, барлық кездесуінде де нокаутпен жеңіске жеткен.

БОЛАМ ДЕГЕН ЕЛДІҢ БАЛАСЫ БІРІН-БІРІ БАТЫР ДЕР 03


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы