Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ БРЕЙН-РИНГ ОЙЫНЫ ӨТТІ

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

БРЕЙН-РИНГ ОЙЫНЫ ӨТТІ 07.12.2018 16:27

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «ӨзенМұнайСервис» ЖШС Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен мамандар арасында «Брейн-ринг» интеллектуалдық ойыны өткізілді.

fdec6b6a-33a3-485d-a42f-ef4dae6b2799

Мамандар арасында өткізілген ойынға «Жалынды жастар», «Қырандар», «Алаш», «Бүркіт» атты төрт топ қатысты. Брейн-рингты «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ынан келген маман Бауыржан Бердібайұлы жүргізді. Жүргізуші сайыс шартына сәйкес бас қатырғыш тапсырмалар мен логикалық және тарихи сұрақтар қойып, ойыншылардың аяқ алысын сынап бақты. Сұрақтар арасында түрлі талас тудырған, бірқатар пікірлер айтылған тапсырмалар да болды.  Қатысушылар топта бірігіп жұмыс жасау арқылы бірде сұрақтың жауабын өздері тауып, ал бірде жүргізуші тарапынан мүлде ойламаған жауаптарды естіп таң қалысып жатты.

8c8e5266-aa9b-4bb8-9649-aed27ece1ad5

 

50bb0869-a4c7-42e8-bf4d-3fd4301ac0f2

Брейн-ринг нәтижесі бойынша «Бүркіт» тобының ойыншылары бас жүлдені қанжығасына байласа, І орынға «Алаш» тобы табан тіреді. Ал сайыстың ІІ орыны «Қырандар» тобына бұйырса, ІІІ орынды «Жалынды жастар» командасы иемденді. Сонымен қатар ойында белсенділік танытып, ерекше көзге түскен қатысушылар «Үздік ойыншы номинациясымен марапатталып, өзге қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

e3ae1755-aa63-4dcb-a27d-eee3ea185177

abbfc3c2-f9f6-445e-939c-ef046950754e

#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс

 


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы