Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ ЕҢБЕК ТҮБІ - ЗЕЙНЕТ⠀

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

ЕҢБЕК ТҮБІ - ЗЕЙНЕТ⠀ 05.03.2020 00:00

"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде тағы бір еңбек ардагері зейнет демалысына шықты. ⠀
image-06-03-20-09-43-6
Осыған орай салтанатты жиын ұйымдастырылып, еңбек ардагерін серіктестік басшысы Қ.Н.Мыңтұрғанов арнайы құттықтап, ұжым атынан сый-сияпат табыс етті. ⠀
image-06-03-20-09-43-1
Қарабалаев Бисен Жарылғасынұлы - автотізбектің 6 дәрежелі автокөлік жөндеушісі болып қызмет еткен. 37 жыл бойы үзбестен мұнай саласында еңбек етіп, әріптестер арасында сыйлы бола білген Б.Жарылғасынұлы үлгілі маман бола білген. Қызмет сапасын арттыруда өзіндік үлес қосып, жастарға да үлгі көрсеткен. ⠀
image-06-03-20-09-43-4
Шарада әріптестеріне риза болып, компанияға ерекше алғысын білдірген ел ағасы абыроймен жеткен құрметті еңбек демалысын отбасы мен немерелерінің ортасында өткізгісі келетінін айтып ағынан жарылды. Әріптестері атынан зейнеткерге де жылы лебіздер мен шынайы тілектер айтылды. 

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы