Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ «ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІ – ЫНТЫМАҚТЫҢ БАСТАУЫ»

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

«ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІ – ЫНТЫМАҚТЫҢ БАСТАУЫ» 10.12.2018 16:48

«ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігінде ұжымдағы ауызбіршілікті нығайту мақсатында «Қазақтың салт-дәстүрі – ынтымақтың бастауы» атты жас мамандарға арналған тренинг өткізілді.


IMG_0728-11-12-18-04-47

Ұлтымыздың діңгегі саналатын салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тиымдардың көпшілікті бірлікке насихаттайтынын негіз еткен шараны жазушы-ғалым Болат Бопай жүргізді. Тренингте қазақтың салт-дәстүрлерінің шығу тарихы, ырым-тыйымдарының қолданылу орны және табиғатқа қатысты пайда болған ұғымдары жайында айтылып, олардың қазақ халқының өмірінде қолданылуы сөз болды. Жастарға бағытталған шараның негізгі мақсаты көпшілік арасындағы сыйластық, ұжымдағы бірлікті нығайту болғандықтан, жалпы қазақ салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары тәрбиелік құрал ретінде мақсатқа жетуде таптырмас серік екені айтылды. Сонымен қатар, тәрбиенің басты қайнары саналатын ислам дініндегі бірқатар ұғымдар да жиын кезінде кеңінен талқыланды.

IMG_0774-11-12-18-04-47

Тренинг кезінде тәлімгер жастар тарапынан туындаған бірқатар сұрақтар мен пікірлерді тыңдап, іс-тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, өзінің жеке ойымен бөлісті. Және де «РІТС» оқу орталығының атынан жастарға сертификат табысталып, шара соңы естелік фотоға түсумен аяқталды.

IMG_0743-11-12-18-04-47

#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»