Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫҢ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫҢ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ... 07.03.2021 17:12

НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫҢ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ...

Шырайлы көктем төрімізге енгенде, тіршіліктің жаңарып, құлпырғанынан бөлек, өзімен бірге жарқын әрі жайдарлы мерекелерді ала келеді. Соның бірі - барлық нәзік жандыларымыз асыға күтетін 8-наурыз халықаралық әйелдер күні. Бұл күнде жігіттер қауымы анасына, сүйіктісіне, жарына, әріптес аруларға гүл сыйлап, сыйлық беріп, барынша ыстық ықыластары мен алғысын жаудырып жатады. 

 E7727894-7A80-45E8-846A-ACCE6D27D49C

Ал, бұл мереке жыл сайын "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде ерекше атап өтіледі. 

A051506A-EF9C-4251-83BB-F4C0638DEB96

186C58D9-5095-451B-888D-AE54A1F8E7D1

Биылғы мерекелік шараның басы арулардың тынымсыз еңбегін ардақтаумен басталды. Халықаралық әйелдер күніне орай "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінің сұлулары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басшысы А.Айдарбаевтың, Жаңаөзен қаласының әкімі М.Ибағаровтың және "ӨзенМұнайСервис" ЖШС бас директоры Қ.Мыңтұрғановтың атынан алғыс хат алып, құрметке бөленді. 

  7443387B-1B79-4CD8-A03B-DEF93AC2BEC4

A22D2A72-EE9D-48D8-AE9F-60C36F71685B

Салтанатты шарада алғашқылардың бірі болып ұйымның бас директоры Қанағат Нұрымұлы компанияның қыз-келіншектерін құттықтады. Одан әрі қарай сөз тізгінін өзге басшылар әйелдер қауымына деген ақ тілектерімен жалғады.  

409B4517-F36B-4BE9-837E-A970F3A5EBDC

Жиын кезінде "ӨзенМұнайСервис" қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы С.Серіков  пен "Жөндеу" ЖШС" қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы С.Чанкурбаевтың атынан алғыс хаттар беріліп, қаржылай сыйақы тағайындалды. 

 8642837B-0497-44C7-81BB-CB6000C243F7

Мерекелік шарада мекеменің жас маманы Д.Нөкеров әннен шашу шашып, арнау өлеңдерін оқыды. 

 29009BC3-8A6D-43C8-A742-5257A54D19B9

Нәзік жанды аруларға құшақ-құшақ гүл сыйланып, олардың құрметіне ақ дастархан жайылды. 

Жиын соңында мерейлі мереке иелерінің тарапынан көп алғыс айтылып, естелік фотоға түсумен аяқталды.


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»