Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗ

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗ 08.02.2019 11:53

«Туған жерге тағзым – перзенттік парыз» демекші, мейлі жас, мейлі кәрі бол, мейлі қарапайым қызметкер немесе лауазымды басшы бол өзіңнің туған жеріңінің кәдесіне жарау, тұрғындардың игілігі үшін ең құрығанда көлеңке болатын бір тал егу кез келген азаматтың міндеті. Кішкене ғана жақсылық жасап, өзің тұратын мекеннің гүлденуіне тамшыдай үлес қосу үшін үлкен қаражат немесе үлкен күштің қажеті жоқ. Бастысы шынайы ниет пен ынта болса жетіп жатыр. Шын тілекші бола білетін азаматтар қай кезде де табылары сөзсіз. Сондай жандардың қатарына ілескен «ӨзенМұнайСервис» ЖШС жас мамандары Сейдов Орынбасар мен Ноғаев Асқардың туған өлкесіне арнап жасаған игілікті ісін көпке үлгі етеміз және жастарды мақтан тұтамыз.

IMG_2280-13-02-19-10-52

«ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігінің жас мамандары О.Сейдов пен А.Ноғаев Жаңаөзен қаласының Орталық саябағына мүмкіндігі шектеулі жандардың емін-еркін жүруіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы сырғыма баспалдақтар қойып берген. Жас мамандар өз қаражаттарының есебінен қала бойынша қажет 120 сырғыма баспалдақтың 73-ін орнатқан. Аталмыш жұмысқа 1 млн. теңге көлемінде қаражат жұмсалған.

Жас болса да ерекше үлгі көрсетіп, қала халқының игілігі үшін тындырымды іс жасаған мамандар О.Сейдов пен А.Ноғаевқа «ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігі атынан үлкен алғыс білдіре отырып, қызметтеріне береке тілейміз.

IMG_2279-13-02-19-10-52

#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы