Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ СЕРІКТЕСТІКТЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ СПАРТАКИАДА ӨТКІЗІЛДІ

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

СЕРІКТЕСТІКТЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ СПАРТАКИАДА ӨТКІЗІЛДІ 05.12.2018 12:40

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  «ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігінің қызметкерлері арасында спартакиада өткізілді. Додаға қатысушылар арқан тарту, гир көтеру және шағын футбол сынды спорт түрлерінен сынға түсті.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада арқан тартудан жарыстың І орынын Әкімшілік басқару қызметкерлері еншілесе, ІІ орынға 3 цех, ІІІ орынға 2 цех мамандары табан тіреді. Ал гир көтеруден ұпайы бойынша А.Бисенов үздік деп танылса, ІІ орынға Қ.Абулгазиев, ІІІ орынға А.Түлебаев лайық деп танылды. Спартакиаданың үшінші ойыны шағын футболдан көрсеткіш нәтижесі бойынша 3 цех командасы І орынды қанжығасына байласа, 1 цех командасы ІІ орын, 2 цех командасы ІІІ орын иеленді.

Жеңімпаздарға  Серіктестік атынан дипломдар мен қаржылай сыйлықтар тағайындалды.

#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы