Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ СЫЙАҚЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ЖҰМСАЛДЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

СЫЙАҚЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ЖҰМСАЛДЫ 11.09.2019 14:35

СЫЙАҚЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ЖҰМСАЛДЫ

«ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қабырғасындағы «Жас Мамандар кеңесі» 2014 жылдан бері өз жұмысын қарқынды түрде жүргізіп келеді. Құрамында елуге жуық жас мүшелік ететін ұйым еліміздің және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның жастар саясаты бойынша атқаратын міндеттері мен шараларының орындалуына ерекше атсалысып, қаламыздағы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласуда. Жас Мамандар кеңесіне «ӨзенМұнайСервис» ЖШС басшылығы тарапынан да қолдау ерекше.

ea80666e-39ed-426d-9cb9-7bf4587b3221

383924d4-98bc-4887-9d4f-1ae59c3e0113

Биыл 5 жылдығын атап өткен ұйымда талантты жастар, білімді мамандар және еңбекқор тұлғалар жиналған. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен белгіленген жастар жылында «ӨзенМұнайСервис» жас мамандары бірқатар әлеуметтік, қоғамдық және тағы да басқа бағытта атқарылып жатқан шараларда бастама көтеріп, өтуіне ерекше белсенділік танытып жүр.

29574c82-e50d-4713-9aa0-fe47e09ebbec 026e292c-689d-4f2f-97db-ec75f3897ff1

Жақында ғана жас мамандар кеңесінің мүшелерінің осыған дейін жасаған нәтижелі еңбектерінің жемісі ретінде «ӨзенМұнайСервис» жас мамандары қалалық әкімшілік өкілдерінің бағалауымен өндірістік мекемелер арасында жылдың «Үздік жас мамандар кеңесі» атанды. Байқауда кеңестің жалпы жұмысы, жоспары, мақсаты және атқарған шаралары, сондай-ақ мүшелердің де жеке жетістіктері сараланып, сыннан өткізілді. Жеңістің сыйы ретінде кеңеске 150 мың теңге көлемінде сыйақы табыс етілді. Осындай ерекше марапатқа қоса кеңес мүшесі О.Сейдов пен серіктестік басшыларына қала әкімінің атынан алғыс жарияланды.

74b98334-e89b-4461-8bbe-6eba2e845715

405eb695-73f3-4ef6-9bf7-d172cb701649

Жастар байқаудан жеңіп алған қаражатты қайырымдылық көмек көрсету мақсатында жұмсады. Серіктестік қызметкерлерінен бөлек жас мамандар атынан «Мектепке жол» акциясына қосқан үлесі ретінде мүжәлсіз және көп балалы отбасынан шыққан отызға жуық балаға оқу құралдарын, мектепке қажетті форма, аяқ киім т.б. заттарды  тарту етті. Кеңес мүшелерінің айтуынша мұндай игі істі өз қаражаттарына бұған дейін бірнеше мәрте ұйымдастырылған, бұдан кейін де жалғаса бермек.

d4b4927f-1489-42bd-b414-01b382113202

 

#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы