Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ... 26.11.2018 16:45

Қараша айының 23 жұлдызында «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен еңбек ардагерлерінің басын құраған салтанатты жиын өткізілді. Жиынға серіктестік қабырғасында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, қазіргі таңда еңбек демалысына шыққан ардагерлер шақырылды. Қонақтар құрметіне арнайы дастархан жайылып, мерекелік ас әзірленді.

 

IMG_0410-26-11-18-04-42

IMG_0404-26-11-18-04-42

Серіктестіктің ардагерлеріне арналған мерекелік шарада зейнеткерлермен қоса мекеме басшылығы және ұжымның аға буын өкілдері де қатысты. Мерекелік отырыста бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлері көптен көрісіп, бір-бірінің хәл-жағдайын білісті. Серіктестік басшылығының тілегін тыңдап, әріптестерімен, арқа-жарқа әңгімелесіп, көңіл көтеріп, жиын соңында ұжымға бата-тілегін жаудырды.  

 

IMG_0405-26-11-18-04-42

Басқосуда «ӨзенМұнайСервис» ЖШС директорының міндетін атқарушы О.Н.Тарғынов қаламыздың 50 жылдығына орай «Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы» атағын иемденген ардагер маман Майлыбай Өтебаевты марапатымен құттықтап, иығына шапан жапты. Сонымен қатар, мекеме атынан ардагерлерге бірқатар сый-сияпат табыс етіп, басшылық атынан ақ тілегін жолдады. 

 

IMG_0394-26-11-18-04-42

IMG_0407-26-11-18-04-42

Салтанатты жиында қаламыздың белгілі өнерпаздары өнерлерін ортаға салып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, аталмыш шара еңбек ардагерлері мен Серіктестік арасындағы байланысты нығайтып, назардын тыс қалдырмай, үлкенге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылуда. Жыл басында қолға алынған игі бастама жалғасын тауып, осымен екінші кезек өткізіліп отыр.

IMG_0399-26-11-18-04-42

 #Қазақстан #Маңғыстау #Ақтау #Жаңаөзен #Қазмұнайгаз #Өзенмұнайгаз #Өзенмұнайсервис #Мұнайшы #Мұнай #KMGEP #Казмунайгаз #Озенмунайгаз #Озенмунайсервис #Нефть #Казакстан #Мангистау

 

 

 


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы