Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ ЕРЕН ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

ЕРЕН ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН 04.10.2017 11:08

Негізі сонау 1972 жылдардан бастау алған Өзен, Қарамандыбас кенорындарында мұнай скважиналарын күрделі жөндеу жұмыстарының үздіксіз жұмыс жасап келе жатқанына биыл 45 жыл толып отыр. Өткен жылдың еншісінде «Жөндеу» және «КРУЗ» мекемелерінің біріктірілуінің арқасында «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылған ұжымның қазіргі уақытта да мұнай өндіру ісінде атқарып отырған еңбегі ұшан-теңіз.


​29 қыркүйек күні аталмыш мерекенің құрметіне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиында алғашқылардың бірі болып құттықтау сөз легін алған «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-ның бас директоры Н.Д.Союнов серіктестік қызметкерлерін, еңбек ардагерлері мен шара қонақтарын мерейтоймен құттықтап, "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді" демекші биік белестерді бірлікпен бағындыруға шақырды. 

 

_MG_6604


Шара барысында "ӨзенМұнайСервис" ұжымын Жаңаөзен қаласының әкімі Е.Ж. Әбілов, ҚазМұнайГаз БӨ АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның бас директоры Б.Қ.Абайылданов, “ҚазМұнайгаз» БӨ АҚ-ның қаржы басқармасы департаментінің директоры А.Шаненова және қаламыздағы еншілес мекемелердің басшылары мерейтоймен құттықтап, жүрек жарды тілектерін жеткізді.

_MG_6452


«Марапат- мерейді арттырады» демекші, салтанатты жиында бірқатар үздік мамандар марапатқа ие болып, алғысқа бөленді. Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР энергетика министрлігінің медалін т.ғ.д. М.Өтебаев, С.Төлепов алса, «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» атағын А.Т Салихов иеленді. Аталмыш министрліктің құрмет грамотасымен Н.Д. Союнов және алғыс хатымен Н.А.Ермагамбетов марапатталды. Мерейтой кезінде үздік мамандардың бірі С.О.Абишаев «Еңбек ері» медалін иемденсе, ҚазЭнерджи қауымдастығының медалі С.Ө.Бекмамбетовке берілді. Осы қауымдастықтың құрмет грамотасын Е.Ж.Тұраров, алғыс хатын Т.А.Таубаев алды.


Бұдан бөлек, серіктестік қабырғасында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, үлгілі атанып жүрген бірқатар ұжым қызметкерлері мен еңбек ардагерлеріне "ҚазМұнайГаз" БӨ АҚ, "ӨзенМұнайГаз" АҚ, қала әкімшілігі және "ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атынан құрмет грамоталары мен алғыс xаттар, ескерткіш белгілері мен "Скважиналарды күрделі жөндеуге 45 жыл" атты төсбелгілері табысталып, мерекеге орай атаулы қолсағаттар сыйлыққа берілді.

_MG_6555


45 жылдық мерейтой құрметіне орай ұйымдастырылған шарада қазақ өнерінің жарық жұлдызы Ләлә Бақытнұрқызы бұлбұлша құйқылжыта ән салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленса, қазақ эстрадасының жас әншісі Әлиxан Дүйсенов пен "Алашұлы" тобының жігіттерінің салған әндері көпшіліктің қошеметін алды. Ал, М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониядан келген әні мен сәні келіскен Аида Байгелова мен Кәмшат Ізтілеуова сынды әнші өнерпаздары кештің көркін одан әрі қыздыра түсті.


Салтанатты жиында «ӨзенМұнайСервис» серіктестігі негізінің қалануына атсалысып, ұзақ жылдар бойы компанияның өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан ардагер маман А.В.Рифаленко ұжымды мерейтоймен құттықтап, мерекелік тілегін арнады. Сонымен қатар, өңірімізге белгілі ақын, "ӨзенМұнайСервис" компаниясының ардагер қызметкері Рейімбайұлы Қаржаубай хажы жүректен шыққан тілегін, өлең жолдарымен жеткізіп, жас мамандар Д.Нөкеров пен О.Сейдов мерекеге арнап өлең оқып берді. "ӨзенМұнайСервис" серіктестігінің жас мамандары "Біз біргеміз" әнін біріге орындап, көңілді нотамен кешті қорытындылады.

_MG_6498


«ӨзенМұнайСервис» серіктестігінің құрылғанына 45 жыл толған мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты жиынның соңы мейрамханада жайылған мерекелік дастарханда жалғасты. Кезекті мерекелік аста құрметті қонақтар, ұжым басшылығы, серіктестік қызметкерлері мен ардагер мамандар бас қосты. Кешкі жиында да үлгілі қызметкерлерді марапаттау рәсімі өткізілді. Серіктестік зейнеткерлері мен өзі ісінің шебер мамандарына құрмет грамотасы, алғыс хаттар беріліп, мерейтойлық төсбелгілер тағылды.
Мерейтой құрметіне арнап үлкен жиын, салтанатты жиналыстан бөлек серіктестік қабырғасында бөлім, бригада қызметкерлерін марапаттау шаралары көптеп өткізілді. Нәтижесінде, мерекеге орай барлығы 600 маман төсбелгі, құрмет грамоталары мен 100 маман алғыс хаттар марапатталған.

_MG_7324


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы