Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ “ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС» СЕРІКТЕСТІГІНДЕ ҰЛАН АСЫР ТОЙ ӨТТІ

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

“ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС» СЕРІКТЕСТІГІНДЕ ҰЛАН АСЫР ТОЙ ӨТТІ 05.10.2017 11:15

«ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кен орындарындағы скважиналарды жөндеуге 45 жыл толған мерейтойын қала көлемінде дүркіретіп атап өтті. Мерейтой құрметіне арнайы қазақтың киіз үйлері тігіліп, ұлттық тағамдармен көмкерілген ақ дастарқан жайылды.

_MG_6088


Серіктестіктің 45 жылдық мерейтойымен “ҚазМұнайгаз» БӨ АҚ-ның мұнай сервистік жобалары жөніндегі басқарушы директоры А.К.Шаненова, «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары М.Ибағаров және «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-ның бас директоры Н.Д.Союнов, «Өзенмұнайсервис» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары О.Н.Тарғынов, «ӨзенМұнайСервис» серіктестігі бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары С.Ө.Бекмамбетов, өндіріс жөніндегі атқарушы директоры А.Т.Салихов, «Өзенмұнайсервис» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы С.С.Серіков және «Жөндеу» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Е. Ерғалиев құттықтап, ұжым қызметкерлеріне жылы лебіздерін арнады.

_MG_5997


Жиын кезінде ұжым қабырғасында үлгілі қызмет етіп жүрген бірқатар мамандар «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ және «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-ның мерекеге арналған арнайы алғыс хат, құрмет грамоталарымен марапатталса, бірқатар еңбек ардагерлеріне құрмет гарамотасымен «Скважиналарды күрделі жөндеуге 45 жыл» атты төсбелгілері табысталып, қазақы нақыштағы шапан кигізілді. Сонымен қатар, мереке құрметіне ұзақ жылдар бойы «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қабырғасында 40 жылдан астам уақыт еңбек еткен Рая Құлбекова мен Алтын Құдайбергенова сынды ардагер қызметкерлерге ұжым тарапынан құрмет грамотасы мен ұлттық жаңа бренд «Тамара Асардың самаурыны» сыйға берілді.

_MG_5989


Мерейтой кезінде қаламыздағы «Өнер» мекемесінің директоры Д.Қ.Утебаеваның басшылығындағы «Мұнайшы» мәдениет үйінің өнерпаздары «Асыл Мұра», «Домбыра сазы» халықтық фольклорлық ансамбльдері, «Шұғыла» би тобы, «Керуен» тобы мен өңірімізге танымал Ж.Нұрмұханова, Д.Ізбасарова, Ж.Қоңырова, А.Сағындықова, Б.Ашықова сынды өнер иелері ән мен жырдан шашу шашып, жиылған көпшілікке тамаша көңіл күй сыйлады. Ал, мерекеге арнайы шақырылған қазақ эстрадасының жұлдыздары Тамара Асар мен Абай Бегей әсем әндерімен тойдың көркін қыздырып, тойшы қауымды ортаға шығарып еріксіз билетті.

_MG_5803


45 жылдықтың құрметіне той кезінде ұлттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-ның жігіттері «арқан тартыс», «гір тасын көтеру», «қол күрес» және «қошқар көтеру» сынды спорттық ойындарда бәсекелесті. Нәтижесінде, арқан тартудан І орынмен Өндірістік қамту базасының жігіттері, ІІ орынмен №3 цех, ІІІ орынмен №4 цех жігіттері марапатталса, қол күрестен І орынға М.Төлешов, ІІ орынға А.Өтесов, ІІІ орынға Ө.Аллаберген ие болды. Ал, гір тасын көтеруден І орын А.Бисеновке, ІІ орын Қ.Абылғазиевке, ІІІ орын Ө.Аллабергенге бұйырса, қошқар көтеруден І орын А.Бисеновтың, ІІ орын Ж.Өтебековтің қанжығасына байланды. Жеңімпаздарға диплом мен қаржылай сыйлықтар тағайындалды. Сонымен қатар, марапаттау сәтінде мерейтой қарсаңында серіктестіктің ұйымдастыруымен өткен бильярд, футбол, теннис т.б. сайыстардың жеңімпаздары да алғысқа ие болды.
Аталмыш мерекеге жиылған көпшілік жайылған ақ дастарқаннан дәм татып, көне көз қариялардың батасын алды.

_MG_5736


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы