Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ «ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС» ЖШ СЕРІКТЕСТІГЕНІҢ «СКЖ ШЕБЕРЛЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫН СӘТТІ ҚОРҒАДЫ»

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

«ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС» ЖШ СЕРІКТЕСТІГЕНІҢ «СКЖ ШЕБЕРЛЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫН СӘТТІ ҚОРҒАДЫ» 07.02.2017 15:22

Өткен жылдың қыркүйек айында басталған, «ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігі ұйымдастырған, жаңа «Модульдік оқыту технологиясы» бойынша, скважиналарды күрделі жөндеу   шеберлеріне ұйымдарырылған оқу бағдарламасының, 19 шеберден құрылған 1-топтың оқуы сәтті аяқталды. Ұзақтығы 6 айға созылған оқу барысында, шеберлердің үйренгені көп, Алдымен «Модульдік оқу техналогиясы бойынша» қысқаша ақпарат.

Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру, өз бетінше жұмыс істей алу,болып табылады. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты,  бағдарламасы, белгілеген деңгейіне жету үшін дидактикалық өңделген білім. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» дегенді  білдіреді. Модуль бұл – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы. Дәл осындай бағытпен, өздерінің білімін тереңдеткен біздің шеберлер дән риза. Олардың оқуы  негізінен, үш құрылымды бөліктен тұрды. Кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлім. Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болды. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Оқу барысында зерттеулер нәтижесі  7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің тиімді екенін көрсетті.

Шеберлердің айтуынша, бұл оқудың өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат қосымша берілді. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады дейді. Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Шеберлердің оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады. Тапсырмаларды қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындалып отырғынын айтып өтті. Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктерді қалыптастыратын бірден-бір технология.  

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) шеберлердің әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу болып өтті. 6 айдың қорытындысына келсек, Исмаилов Абдулахат Абдукаримұлының пайымдауынша «Модуль дегеніміз – белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі». Ал «технология» гректің «шеберлік» деген сөзінен  шыққан деп айтып өтті. Яғни, модуль — тұтас жүйенің бір бөлшегі, тақырыптың  негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы.

Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының жолы. Оқыту технологиясының біз әзірлеген нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, процестерін, яғни алуан түрін ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас жасау, ойын және тақырып бойынша бағытталған деа атап өтті білгілі халықаралық профессер, кондидат наук . Қорытынды бойынша оқудың соңғы күні, экзамен болды. Яғни  6 ай бойы  алған білімдерінің нәтижесін көрсетті. 19 шебер әр тақырып бойынша өздері презентация жасап, слайд шоу арқылы комисся мүшелеріне таныстырды. Ақылдаса келе ең үздік ой деп 1 орынды СКЖ шебері Зейін Саят Маратұлы иеледі, 2 –орын, СКЖ бұрғышының көмекшісі Сейдов Орынбасар Асамбайұлына бұйырды, Ал 3- орынды қанжығысына байлаған СКЖ шебірі Сапыев Нургали Жузбасарұлына берілді,Және шеберлердің әр біреуіне «ПИТС» оқу орталығынан білімін тереңдеткенін растайтын арнайы сертификаттар табысталды. Біздің шеберлерде  құр қарап қалмады, 6- ай бойы білім нәрін беріп сусындатқан белгілі профессор, кондидат наук Исмаилов Абдулахат Абдукаримұлына өздерінің арнайы сыйлықтарын табыстады.   Сөз соңында «ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігенің шеберлірі өздерінің ризашылықтарын айтып өттң, Болашақта осындай оқулықтар жие болып тұрса екен деген тілектерін білдірді. Қорыта келе әдемі күн, естелік үшін суретке түсумен жалғасын тапты. 


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы