Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ "ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС" ЖШС ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗДІ

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

"ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС" ЖШС ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗДІ 18.09.2017 18:47

Біз өмір сүріп жатқан қоғамда адамдардың кейбірінде бәрі жеткілікті. «Кешкісін не ішем, ертең не кием?» демейді, үйге келген тұрақты несібемен бірқалыпты өмір сүруде. Ал, енді бірі жоқшылық көріп, қым-қуыт тірліктің басына салған қиындығын жеңе алмағандықтан өміріне өкпелі. Кейбір жандардың жан-жағы аман, бауыры бүтін болса да қасында жүрген аяулы жанның қадірін білмейді. Ал кейбір жандар қымбат адамдарынан ерте айырылып, еріксіз солардың жылуын аңсап жүр. Қиындық пен қуаныш қатар өрілген өмірде барлық адам мейірімге зәру. Адамзаттың сәл ғана жымиып, өзіне жақын тартуы – сол мейірімге мұқтаж жандар үшін үлкен қуат сыйлайтыны сөзсіз. 

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ


«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Жаңаөзен қаласындағы «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірқатар мұқтаж жандарға көмек көрсетті. 


Скважиналарды күрделі жөндеуге 45 жыл толуына орай өткізілген қайырымдылық шараларында серіктестік қызметкерлері есебінен мүжәлсіз отбасылардың коммуналдық қызмет ақыларын төлеп берді. Сонымен қатар, жағдайы төмен он отбасының есігін қағып, бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз етті. 
Жаңа оқу жылы басталғандықтан, Республика көлемінде жиі өткізілетін «Мектепке жол» акциясы шеңберінде 16 оқушыға оқу құралдары және спорттық киімдер, қысқы киімдер мен аяқ киімдер сыйға тартты. Және де «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нде еңбек етіп, өмірден өткен қызметкерлердің отбасына да қаржылай көмек көрсетті. 


«ӨзенМұнайСервис» ЖШС ұйымдастырған қайырымдылық шараларына барлық қызметкерлер бір кісідей жұмылды. Айта кетерлігі, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-де бұндай шаралар жиі өткізіледі. Жыл басынан бері серіктестік қолдауымен 10-ға жуық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылған. Және ұжым арасында бұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

 

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ 02


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы