Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҚҚАН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР БАС ҚОСТЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҚҚАН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР БАС ҚОСТЫ 15.12.2017 11:56

«ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен еңбек ардагерлеріне арналған мерекелік кеш өткізілді. Кеште серіктестікте көп жылдар бойы қызмет етіп, қазіргі таңда еңбек демалысына шыққан зейнеткерлер бас қосты. Арнайы шақырылған қонақтар құрметіне дастархан жайылып, мерекелік ас берілді.

P1050100

Отырыста еңбек ардагерлерін алғашқы болып «ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігінің бас директоры Нұрсейіт Союнов құттықтады. «Құрметті әріптестер, алдыңғы буын ағалар мен апалар бүгінгі жиынымызға қош келдіңіздер! Сіздердің құрметтеріңізге жайылған ақ дастарханымыз сіздерге деген сыйластығымыздың шексіз екендігінің белгісі. Біз сіздермен әрқашан біргеміз. Зейнет жасына жетіп, еңбек демалысына кетсеңіздер де, сіздердің жүріп өткен жолыңыз біз үшін өнеге, еңбек жолында қылған қызметіңіз бен көрсеткен үлгіңіз артыңыздан ерген мамандар үшін бағдаршам. Дендеріңіз сау, жанұяларыңыз аман болсын! Көрер қуаныштарыңыз көп болсын! Осылай біздерге ақылшы болып жүре беріңіздер! Биыл сегіз әріптесіміз құрметті еңбек демалысына жолдама алған болатын, күнделікті күйбең тірліктен аз да болса қол үзіп, жиі кездесетін той-томалақтан бөлек кішігірім әріптестер арасында отырыс ұйымдастыруды жөн көрген едік. Бұндай басқосу алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын таппақ»-деді, өз сөзінде серіктестік басшысы.

Мерекелік жиында серіктестіктегі бөлім басшылары мен сала мамандары да еңбек ардагерлеріне ықылас-ниеттерін білдірді. Сонымен қатар, кеш барысында зейнеткерлерге арнайы сый-сияпаттар табыс етіліп, ардагерлер тарапынан да ақ тілектер айтылды.

Динасыл Құрманова, зейнеткер:

-Құрметті «ӨзенМұнайСервис» ұжымы бізді бүгін осындай игі шараға шақырып отырғандарыңызға мыңда бір рақмет! «Ішкен ас түске жетпес, ықылас естен кетпес» демекші мына жайылған дастарханнан сіздердің ыстық ықыластарыңызды көріп отырмыз. Болашақта бізге әріптестер арасында тек бірлік болып, серіктестіктің үлкен жеңістерін көруді жазсын. Әрқашан алда болыңыздар, «ӨзенМұнайСервисті» мақтан етуден шаршамайық. Тек қуанышта кездесейік»

«ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде осы күнге дейін еңбек демалысына жолдама алған 84 маман бар екен. Келер жылы осы зейнеткерлердің барлығының басын қосып, мекеме тарапынан ілтипат көрсету жоспарланып отыр. Мұндағы мақсат скважиналарды күрделі жөндеу жұмыстарында елеулі еңбек етіп, үлгілі із қалдырған еңбек ардагерлерін назардан тыс қалдырмау.


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы