Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ ЖАҢАӨЗЕНДЕ АЛҒАШ РЕТ БАМПЕРБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

ЖАҢАӨЗЕНДЕ АЛҒАШ РЕТ БАМПЕРБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ 13.09.2017 00:38

Скважиналарды күрделі жөндеуге 45 жыл толуына орай «ӨзенМұнайCервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері арасында бамперболдан жарыс өткізілді.

Спорттық шарада сөз сөйлеген «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нің бас директорының бірінші орынбасары Орынбек Тарғынов мекеме қызметкерлерін атаулы мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.


Мекеме цехтары сынға түскен спорттық бәсекеде бес команда ойын көрсетті. Тартысты әрі қызықты өткен спорттық бәсекеде №2 цехтан шыққан команда ойыншылары ерекше ептілік танытып, үздік атанды. Және ойын барысында спорттық шараға белсене қатысқан әкімшілік басқарма командасы да осал емес екендіктерін көрсете білді.

Үш сағаттан аса уақытқа созылған бампербол ойынының нәтижесі бойынша №2 цех І орынды иемденсе, ІІ жүлделі орын әкімшілік басқарма намысын қорғаған командаға бұйырды. Ал жарыстың ІІІ орынына №3 цех ойыншылары табан тіреді. Жеңімпаздар 28 қыркүйек күні «Өндірістік базада» скважиналарды күрделі жөндеуге 45 жыл толуына орай өтетін мерекелік шарада диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Бампербол – футболға ұқсас ойын. Ойыншылардың мақсаты қарсылас команданың қақпасына гол соғу. Бірақ, бұл ойынның бір ерекшелігі алаңға шыққан әрбір спортшы үстеріне үлкен шар киіп ойнайды. Бүгінде әлемнің бірқатар елдерінде осы ойын түрінен қызықты бәсекелер өткізіліп жүр. Қаламыздағы мұнай мекемелері арасында алғашқылардың бірі болып «ӨзенМұнайсервис» ЖШ серіктестігі тәжірибеден өткізіп көрді. Салауатты өмір салтын қолдап, спортқа жанашырлық танытатын жанкүйерлер тартысты ойынның куәгері болды.

_MG_2871

 


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы