Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ ЖАҢА ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ ЖОБАСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

ЖАҢА ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ ЖОБАСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ 11.02.2018 21:43

 

 

 

Өткен жылдың 27 желтоқсан күні «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директоры және қәсіподақ өкілдері жаңа ұжымдық шарт жобасына қол қойды.

- Әр қоғамда, әр мекемеде адам құндылығы ең бірінші орында тұрады. Күнделікті өмірде және үздіксіз еңбекте де адамның амандығы басты назарда. Сондықтан біздің серіктестікте қызметкерлеріміздің әлеуметтік бағытта алатын жеңілдіктерінің кепілі – ұжымдық шарт болып табылады. 2017 жылдың 31 желтоқсанында «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қабырғасындағы ұжымдық шарттың мерзімі аяқталды. Осы ретте қазіргі таңда жауапты мамандар арасында жаңа ұжымдық шарт жобасына қол қойылды, – дейді «ӨзенМұнайСервис» серіктестігінің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі атқарушы директоры Бауыржан Сайлаубайұлы.

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ 06 (1)

Кәсіподақ өкілдері Аманқос Ерғалиев пен Саламат Серіков және кәсіподақ атынан сайланған өзге де мүшелерімен ақылдаса отырып, жұмыс беруші жақтан келіссөздер жүргізілді. Жұмысшылар мен кәсіподақ тарапынан айтылған көптеген ұсыныстар оң шешімін тауып, жаңа ұжымдық шарт жобасына енгізілді.

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ 06 (1)0

Ұжымдық шартқа сәйкес «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшыларға әрдайым қол ұшын созып отырады. Қызметкерлерге жылына бір рет шипажайларға жолдама беріледі. Атап айтар болсақ, биыл ұжымдастарымыз Алматы қаласындағы «Алатау», Шымкент қаласындағы «Сарыағаш», «Манкент», «Ақтілек», Қызылорда қаласындағы «Жаңақорған», Көкшетау қаласындағы «Жұмбақтас» сынды демалыс орындарына барып тынығып келді. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалы отбасыларға оқу құрал-жабдықтарын алуға қолдау білдіреді.


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»