Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА» МАРАФОНЫ ӨТТІ

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА» МАРАФОНЫ ӨТТІ 25.04.2019 11:29

Күні кеше Өзен кенорнының 55 жылдығына орай, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, «Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілігімен «Жақсылық жаса»!, «Бизнес 3 күнде»! атты қалалық марафон болып өтті. Марафонға «ӨзенМұнайСервис» ЖШС атынан бірқатар мамандар қатысып, 7 шақырымға созылған мәрені бағындырды.

IMG_4055-25-04-19-11-30

Аталмыш сайысқа жалпы 500-ге жуық үміткер қатысқан. Жарысқа қатысып, белсенділік танытқан жеңімпаздар мадақтама грамоталарымен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Шара соңында мерекелік дастархан жайылып, өнерпаздардың концертіне жалғасты.

IMG_4056-25-04-19-11-30
Сайыс нәтижесі бойынша 18-35 жас аралығындағы ерлер арасында І орынды Серік Бисенбаев, ІІ орынды Есенмұрат Талғат, ІІІ орынды Жеңісбай Санжар қанжығасына байлады. 36-49 жас аралығындағы І орынды Ербол Аймашов, ІІ орынды Жамбыл Атаниязов, ІІІ орынды Алексей Федоров иеленді. 50 жастан асқан үміткерлер арасында І орынға  Бақтыбай Қойланов, ІІ орынға Жоламан Тәукенов, ІІІ орынға  Есен Тайжанов лайық болды. Аруларымыз арасынан І орынды Әйкерім Құлатаева, ІІ орынды Ақтоты Мәлік, ІІІ орынды Айгүл Төлепберген жеңіп алды.

#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс

 

 


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы