Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ «ЖАЛЫН» - ЧЕМПИОН

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

«ЖАЛЫН» - ЧЕМПИОН 20.09.2019 11:05

Жаңаөзендік «Жалын» КВН командасы елордамыз Нұр-Сұлтан» қаласының әкімінің кубогы үшін өткен республикалық турнирде бас жүлдені жеңіп, 1000 000 теңге көлемінде сыйақы иемденді.

279798d7-5388-48f0-8013-f8205eb68d92

Еліміздің әр өңірінен 15 жайдарман тобы қатысқан өнер сайысында «Жалын» тобы астарлы әзілдерімен ерекше көзге түскен. Қалың көрерменді күлкіге бөлеп, халық арасындағы маңызды мәселелерді қағытпа қалжыңдарымен жеткізе білген.

Жайдарманшыларға баға беру кезінде белгілі сатирик Көпен Әмірбек жерлестерімізді ерекше атап өтіп, өнеріне тәнті екендігін айтып кетті.  

Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің кубогы үшін өтетін ойын Астана күні қарсаңында жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Бұндай жүлдені осыған дейін маңғыстаулық «Барыстар» КВН командасы қанжығасына байласа, биыл аталмыш жүлде аға буынның ізін жалғаған команда «Жалындықтардың» жеңісі болып отыр.

a22582c4-b4f7-4969-8280-f9b3611894d7

«ӨзенМұнайСервис» серіктестігі қолдау көрсететін «Жалын» жайдарман тобын үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жоспарлары мен сайыстарда тек сәттілік тілегіміз келеді.

#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы