
"ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаев серіктестіктің жас мамандарымен жиын өткізді. Жиында жастарға өз іс-тәжірибесі бойынша аздаған кеңес беріп, бағыт-бағдарымен бөлісті.
Сонымен қатар, отырыста жиынға қатысушылар келе жатқан жаңа 2018 жылдағы жас мамандарға белгіленген міндеттер мен атқарылар жоспарды талқылады. Мамандар "ӨзенМұнайСервис" серіктестігі "Жас Мамандар" кеңесінің дамуына қатысты жеке ұсыныстарын айтып, өз ойларын ортаға салды.