Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ҚҰПИЯСЫ – БІРЛІКТЕ

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ҚҰПИЯСЫ – БІРЛІКТЕ 27.11.2017 17:58

WhatsApp Image 2017-11-27 at 17.16.36

20 қазан күні «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мамандарына арналған тренинг өткізілді. «Ұжымдастар арасындағы тиімді қарым-қатынас» тақырыбында өткізілген жиын серіктестік қабырғасындағы қызметкерлердің бірлігін нығайту және ұжымдық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр.

WhatsApp Image 2017-11-27 at 17.16.06


​Тренингте қатысушыларға тығырықтан шығуға дайындық ретінде түрлі жаттығулар жасатылып, ситуациялық жағдайларды шешуге бағытталған ойындар ойнатылды. Қызметкерлердің ой-өріс деңгейін байқау үшін бірқатар логикалық тапсырмалар беріліп, мамандардың шапшаңдығы бағаланды. Қызметкерлер бірде үлкен шеңбер құрып сынға алынса, енді бірде топқа бөлініп қойылған міндеттемелерді орындады. Тренинг барысында қатысушылардың ептілігі мен қырағылығы, мұқияттылығы мен байқампаздығы бақылауға алынса, топ мүшелерінің бойындағы ұйымдастырушылық, әріптестерге деген сыйластық, ұжымдағы бірлікті бағалау қабілеттері қадағаланды.

WhatsApp Image 2017-11-27 at 17.15.58


​«ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігі мамандарына арналған тренингті «Абрис» тренинг орталығы жүргізуде. Аталмыш тренинг 20-24 қазан аралығында өткізіледі. 5 күнге жоспарланған жиынға 25 адамнан 5 топ қатысады.


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы