Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ 20.02.2019 09:16

         «ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігінде еңбек өнімділігінің жылдық және екінші жарты жылдық қорытындысы бойынша үздік деп танылған бригадалар мен ауысым қызметкерлері марапатталды.

_MG_8807

_MG_8836

 

Өткен 2018 жылдың нәтижесінде күрделі жөндеу бригадалары арасында «Үздік бригада» номинациясы жылдық қорытынды бойынша І орынға ӨМС-17 бригадасы лайық деп танылды. Ал  ӨМС-4 бригадасы ІІ орын, ӨМС-28 бригадасы ІІІ орынды иеленді. ІІ жарты жылдық бойынша  ӨМС-44 бригадасы І орынды, ӨМС-24 бригадасы ІІ орынды, ӨМС-35 бригадасы ІІІ орынды қанжығаларына байлады.

_MG_8809

_MG_8818

«Үздік ауысым» номинациясы ІІ жарты жыл қорытындысы бойынша І орынға №1 скважиналарды күрделі жөндеу цехынан ӨМС-11 бригадасы бұрғышы Ы. Өзденбаевтың ауысымы, ІІ орынға №2 скважиналарды күрделі жөндеу цехынан ӨМС-17 бригадасы бұрғышы Б. Туркменбаевтың ауысымы, ІІІ орынға №3 скважиналарды күрделі жөндеу цехынан ӨМС-28 бригадасы бұрғышы Б. Тулекбаевтың ауысымы және ІV орынға №4 скважиналарды күрделі жөндеу цехынан ӨМС-43 бригадасы бұрғышы К. Жанызаковтың ауысымы табан тіреді. Сонымен қатар  ӨМС-4 бригада қызметкерлері сапалы еңбектің үлгісін көрсете білгені үшін ерекше алғысқа ие болды.  

_MG_8823

_MG_8826

 

Жоғарыда аталған бригадалар, ауысым және қызметкерлер еңбектегі үздік үлгісі мен асқан жауапкершілігі үшін «ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директоры О.Н. Тарғыновтың атынан алғыс хаттармен марапатталып, бір реттік сыйақыға ие болды.

_MG_8830

_MG_8833

#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы