Главная \ ЖАС МАМАН

ЖАС МАМАН

"ӨзенМұнайСервис" ЖШС Жас мамандар кеңесі

 

 

3333333333333333333333333333333333 

       Жас мамандардың мақсаты өндіріске заманауи жаңа технологиялар алып келу,өндіріске қажетті құрал-жабдықтарды құрастырып ойлап шығаруға, өндірістің инженер-технологтар және апат шеберлерімен мен бірге ат салысып үнемі жұмыстану болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік, спорттық, мәдени және қайырымдылық жұмыстарында бірге алып жүру, мекеме тарапынан болатын іс-шараларға жас мамандар кеңесінің мүшелерін міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету. 

 

Жас мамандар кеңсінің экс төрсағасы А.Усербаев

 

ьььььььььььььььььььььь

           Жастар – қозғаушы күш. Жастар – елдің ертеңі. Олардың жасампаздыққа ұмтылысы, білім шыңына өрмелеп, елге қосар үлесі – жар­қын болашақ кепілі. Бүгінде білімді де білікті, еңбекқор да отансүйгіш, көк туымызды желбіретіп, ел мерейін асқақтатар жас мамандар «Өзенмұнайсервис» ЖШС жетіп артылады. Олардың дені мекеме жанынан құрылған, кейбір ұйымға ұқсай бермейтін «Жас мамандар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері. Олар мекеменің стратегиялық дамуына үлесін қосатын қазірдің қайраткерлері, болашақ майталман мамандар.

Жас мамандар кеңесінің төрағасы Н.Кокушев

 

_MG_0132

              Жас мамандар кеңесінің мақсаты – корпоративтік мәселелерді шешуге атсалысу ғана емес, сонымен қатар, жастардың рухани, мәдени, бiлiмдi, кәсiби жағынан қалыптасуына және бүкiл қоғам мүддесiне олардың шығармашылық әлеуетiн ашуға, жастарды әлеуметтендiруге және жас мұнайшылардың мүмкіндігінше жұмыс iстеуi үшiн қажеттi жағдайлар жасауға, жергілікті деңгейде білікті өндіріс менеджерлерін қалыптастыруға мүмкіндік ашу Қоғамдық іс-шараларға қатысу, жаны қиналған жандарға қарлығаш көмектерін аямау сияқты көпке үлгі болар шаруалардың басы-қасында жүріп, негізгі жұмысымен қиыстыра білу деп ойлаймын.

Төраға орынбасары Д.Нокеров

 

 _MG_8914

        Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында.Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық.

Жас мамандар кеңесінің экс төрағасы  О. Сейдов

 

5555555555555555555555

 

Жастар әр салада белсенді болу керек. Олар жан жақты, заманауи қабілетті ізденімпаз болса, олар жететін жетістіктер өте көп. Біздің компаниямызда жастарға әрқашанда қолдау бар, бастысы біз соған қуанамыз. 2019 жылы, жастар жылында, биік шыңдарды бағындырамыз деп нық сеніммен айта аламын.

Бірлігі мықты жастар, болашаққа жол бастар.

 

Жас мамандар кеңесінің  хатшысы  Н.Нағымжан

 

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ПОРТАЛ Сатып алулар туралы ақпаратты орналастыруға арналған
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы