«ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігінің қызметкері Аманесен Бисенов Өзбекстан елінде өткен гір тасын көтеруден Әлем чемпионатында топ жарды. Әріптесіміз 95 келі салмақта бақ сынап, спорттық бәсекеде үздіктер қатарынан көрініп, ІІ орынға ие болды. Хиуа қаласында ұйымдастырылған додада әлемнің түкпір-түкпірінен келген 30-дан аса мемлекеттің спортшылары сынға түскен.
Жеңімпазды серіктестік бас директорының қызметкерлерді басқару, еңбекақы төлеу және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Ермағанбетов Нұрым Амантайұлы арнайы қабылдап, бас директор Мыңтұрғанов Қанағат Нұрымұлының атынан алғыс хат табыстады.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз, әрі алар аласулары көп болсын деген тілек білдіреміз.