ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ 11.05.2022 00:00
Жаңаөзен қаласына жауын-шашынның көп мөлшерде жаууына байланысты кей шағын аудан, тұрғын үйлерді су басып немесе жиналған су шамадан тыс көп жиналып жатыр. Қазіргі уақытты тиісті мекемелер жұмыс жасап жатыр. Апат айтып келмейді, осы ретте "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігі де қалыс қалмай, көмек қолын созуда. Суды сорып, тазалау үшін арнайы техника, транспорттармен және су өткізбейтін арнайы киімдермен қамтамасыз етуде. Бұл жұмыстар кестеге сәйкес жүзеге асырылып жатыр.