«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на қарасты еншілес мекемелер арасында жыл сайынғы дәстүр бойынша өткізілетін «Үздік маман – 2019» конкурсы басталды.
Қазіргі таңда «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша электрогазбен дәнекерлеуші, темір жонушы, БӨАжА ұстасы, электромонтёр мамандықтарынан және скважиналарды күрделі жөндеу бригадалары арасында кәсіби шеберлік деңгейін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Конкурста үміткерлер екі кезең бойынша бақ сынамақ. Байқаудың бірінші кезеңінде мамандар тәжірибе тұрғысынан сынға түссе, ал екінші кезеңде қызметкерлердің теориялық білімі бағаланады.
Серіктестік бойынша үздік атанған үміткерлерге сыйықы тағайындалып, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ шеңберінде және Татарстан мемлекетінде өткізілетін халықаралық деңгейдегі «Үздік маман-2019» байқауына жолдама алады.
#Қазақстан #Маңғыстау #Ақтау #Жаңаөзен #Қазмұнайгаз #Өзенмұнайгаз #Өзенмұнайсервис #Мұнайшы #Мұнай #KMGEP #Казмунайгаз #Озенмунайгаз #Озенмунайсервис #Нефть #Казакстан #Мангистау