"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде жыл сайынғы дәстүр бойынша үздіктер марапатталды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша "Үздік ауысым", "Үздік бригада" номинанттары анықталды.
![]()
Еңбекте үлгілі болғандар құрметке ие болған шараны серіктестіктің бас директорының бірінші орынбасары Жиесбек Орынбасаров ашып, оларға дипломдар табыстады.
![]()
Нәтижелі қызмет көрсеткен ауысым мен бригада мамандарын "ӨзенМұнайСервис" ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының басшысы Саламат Серіков арнайы құттықтады.
![]()
Шара соңы естелік суретке түсумен аяқталды.
Марапатқа ие болған мамандарды ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілейміз!