Өздеріңізге белгілі әр қоғамда, әр мекемеде адам құндылығы ең бірінші орында тұрады. Күнделікті өмірде және үздіксіз еңбекте де адам амандығы басты назарда. Сондықтан біздің Серіктестіктеқызметкерлеріміздің әлеуметтік бағытта алатын жеңілдіктерінің кепілдігі - ұжымдық шарт болып табылады. Осы ретте қазіргі таңда жауапты мамандар арасында жаңа ұжымдық шарт жобасын талқылап, Серіктестіктің ұжымдық шартына өзгерістер енгізілді. Кәсіподақ өкілдері Аманқос Ерғалиев пен Саламат Серіков және кәсіподақ атынан сайланған өзге де мүшелерімен ақылдаса отырып, жұмыс беруші жақтан келіссөздерге келу жұмыстары атқарылды.Талқылау кезінде жұмысшылар мен кәсіподақ тарапынан айтылған көптеген ұсыныстар оң шешімін тапты.
Ұжым шартына сәйкес «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшыларғаәрдайым қолұшын созып отырады. Қызметкерлерге жылына бір рет шипажайларға жолдама беріледі.Атап айтар болсақ, биыл ұжымдастарымыз Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» «Көктем»,«Бурундай» Шымкент қаласындағы «Сарыағаш», «Ақтілек», «Бір-Көлік» Қызылорда қаласындағы «Жаңақорған», Көкшетау қаласындағы «Жұмбақтас»Ақтау қаласында «Сая» сынды демалыс орындарына барып тынығып келеді. Сондай-ақ, кәмелеткетолмаған төрт және оданда көп балалы отбасыларға оқу құрал-жабдықтарын алуға қолдау білдіреміз.
Ермағанбетов Нұрым Амантайұлы
«ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нің
әлеуметтік сұрақтар жөніндегі директоры