Бүгін «Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының 16 сәуір 2021 жылғы №06 қаулысымен бекітілген кестеге сәйкес «Өзенмұнайсервис» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті.
Жиынға «Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Муханов, партия мүшелерімен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынның күн тәртібі бойынша «Өзенмұнайсервис» бастауыш партия ұйымының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары партия мүшелерінің партиялық жобалар мен іс-шараларға қатысуы және алдағы кезеңге арналған міндеттері айтылды.
Сонымен қатар бастауыш партия ұйымының төрағалығына және төрағаның орынбасарын, БПҰ Бюросын сайлау мәселесі назардан тыс қалмады.
Партия мүшелері күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша партия филиалының қалалық конференциясына делегат ұсыну мәселесі қаралды.