Ағымдағы жылдың қараша айының 13 жұлдызында «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Жаңаөзен қаласындағы өндірістік мекемелер арасында «Ойдода» зияткерлік ойыны өткізілді.
![]()
Алты команда бақ сынасқан тартулы сайыста қатысушылар түрлі дүниетанымдық, тарихи және логикалық, қызықты сұрақтардың жауабын іздеп, шапшаңдық және тапқырлықтарымен ұпай жинап, тиесілі тұғырын бағындырды.
![]()
Нәтижесінде ойынның бас жүлдесін «ӨзенМұнайСервис» ЖШС командасы қанжығасына байлады. Ал І орынды «Өзенэнергомұнай» басқармасы, ІІ орынды «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» және ІІІ орынды «Verity group» ЖШС командасы иемденді.
![]()
Жеңімпаздарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!