Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ “Өзенмұнайсервис” ЖШС: 2025 жылға кешенді қорытынды жасалды

“Өзенмұнайсервис” ЖШС: 2025 жылға кешенді қорытынды жасалды

« Назад

“Өзенмұнайсервис” ЖШС: 2025 жылға кешенді қорытынды жасалды 08.01.2026 11:00


“Өзенмұнайсервис” ЖШС-де 2025 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік және ұйымдастырушылық қызметке жан-жақты талдау жүргізілді. Жылдық қорытынды жиынға құрылымдық бөлімдердің жауапты басшылары мен өндірістік шеберлер қатысты.

Жиын барысында Серіктестіктің бас директоры Шырақбаев Дамир Әлібекұлы еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, өндірістік тәртіп және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аударды. Өндірістік аумаққа жеке автокөлікпен рұқсатсыз кіру салдарынан Серіктестікке айтарлықтай қаржылық шығын келтірілгені айтылып, бұл бағытта бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді.

Негізгі өндірістік қызмет аясында скважиналардағы күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижелілігі, жөндеу-оқшаулау үдерістерін жетілдіру, бос тұрыстар мен қайта жөндеу көлемін қысқарту мәселелері қаралды. Сонымен қатар, қойма қорларын және материалдық-техникалық ресурстарды тиімді басқару жолдары, 2026 жылға арналған өндірістік көрсеткіштер мен жоспарлы мақсаттар нақтыланып, жауапты құрылымдарға нақты міндеттер жүктелді.

Шеберлер өз кезегінде өндіріс барысындағы өзекті мәселелерді көтеріп, арнайы техниканы тиімді пайдалану, құрал-жабдықтарды жаңарту және олардың сапасын арттыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Барлық ұсыныс пен ескертпе хаттамаға енгізіліп, оларды жүйелі түрде іске асыру жөнінде тиісті шешімдер қабылданатыны айтылды.

431tf256


Видео сілтеме бойынша

 


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»