Серіктестікте 2026 жылдың қаңтар айы бойынша өндірістік және ұйымдастырушылық қызметке кешенді талдау жүргізілді. Қорытынды жиынға құрылымдық бөлім басшылары мен шеберлер қатысты.
Жиын барысында Серіктестіктің бас директоры Шырақбаев Дамир Әлібекұлы еңбек қауіпсіздігі, өндірістік тәртіп және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше тоқталып, белгіленген талаптардың қатаң сақталуы тиіс екенін атап өтті.
Кездесуде скважиналардағы күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижелері, бос тұрыстарды қысқарту, жөндеу сапасын арттыру, материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалану және 2026 жылға жоспарлы көрсеткіштерді орындау талқыланды.
Механика бөлімі мен Автотізбек жұмыстарындағы жүйелі түрде тиімді жұмыс жасау - көтергіш қондырғыларында жоспарлы алдын-алу жөндеу кезеңі еңгізіліп, бір қатар жасалған шаралар бос тұрыс уақытын 30% ға дейін азайтуға мүмкіндік жасағаны, аталып өтті.
Сонымен қатар, қаңтар айының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен ӨМС-19 бригадасы марапатталып, олардың кәсіби еңбегі жоғары бағаланды.
Аталған жиналыста мекеме бойынша, Цифрландыру және жасанды интелект жобалар таныстырылып, Серіктестік бойынша осы бағытты дамыту Жол картасы ұсынылды.
![]()
#Өзенмұнайсервис #ҚаңтарҚорытындысы2026 #ШеберлерКүні #ҮздікБригада #ӨМС19 ЕңбекҚауіпсіздігі цифрландыру және жасанды интелект