компаниясының бұрғышы көмекшісі Абай Жолмағанбетов — өнер мен еңбекті қатар алып жүрген азаматтардың бірі. Ол жақында Францияның астанасы Париж қаласында, ЮНЕСКО аясында өткен Қазақ-Қырғыз айтысында топ жарып, Халықаралық және Республикалық ақындар сайысының бас жүлдесін иеленді.
Қос халықтың рухани-мәдени мұрасын дәріптеген бұл дүбірлі додада Абай Жолмағанбетов суырыпсалма ақындықтың үздік үлгісін көрсетіп, ел абыройын асқақтатты. Тума талант, қарапайым мұнайшы жігіттің өнерге деген ықыласы мен айтыс өнеріндегі айшықты сөзі көрерменнің де, қазылар алқасының да жүрегінен орын тапты.
Абайдың бұл жетістігі — тек өзінің ғана емес, Өзен кенорны мен Маңғыстау мұнайшыларының мерейі. Өнер мен еңбекті қатар алып жүрген осындай азаматтар — ел мақтанышы.
![]()
![]()