«ӨзенМұнайСервис» ЖШС Бас директоры Шырақбаев Дамир Әлібекұлының еңбек ұжымымен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша есептік кездесуі өтті.
Жиын барысында есепті кезеңдегі негізгі өндірістік көрсеткіштер сараланып, Серіктестіктің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік жағдайларын жақсарту бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды.
📊 Өндірістік көрсеткіштерге тоқталсақ:
▪️ Жыл басынан бері 354 ұңғыма тапсырылды;
▪️ Ұңғымаларды игерудің орташа уақыты — 395 сағат;
▪️ Бос тұрып қалу уақыты 2025 жылмен салыстырғанда 30%-ға төмендеді.
Бас директор өз сөзінде еңбек қауіпсіздігі, өндірістік тәртіп және қоршаған ортаны қорғау мәселелері басты назарда екенін атап өтті. Сонымен қатар ресурстарды тиімді пайдалану, өндірістік үдерістерді оңтайландыру және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағыттарына тоқталды.
Кездесу барысында алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар мен нақты міндеттер талқыланып, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстар қарастырылды.
Сондай-ақ, цифрландыруды дамыту, өндірістік тиімділікті арттыру және заманауи басқару тәсілдерін енгізу бағытындағы жоспарлар ортаға салынды.
🤝 Бірлік пен ортақ мақсат – тұрақты дамудың негізі!
#ӨзенМұнайСервис #ЕсептікКездесу #Өндіріс #ӨндірістікКөрсеткіш #ЕңбекҚауіпсіздігі Цифрландыру ТұрақтыДаму
![]()
![]()
![]()
![]()