Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру, жетілдіру, сондай-ақ басқару органдар күштері мен құралдарын даярлау мақсатында 2023 жылдың шілде айының 19-шы жұлдызы күні «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нің әкімшілік ғимаратының аумағында кезектен тыс өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығу жоғарғы деңгейде өткізілді.
Оқу жаттығу барысында Серіктестікпен келісім-шартқа отырған «Өрт сөндіру қызмет-М» ЖШС-нің мамандары, арнайы өрт сөндіру техникасымен және «Медикер ӨМ» ЖШС-нің жедел жәрдем қызметкерлері қатысып, жоспар бойынша зардап шеккен қызметкерді өрттің арасынан, қауіпсіз жерге эвакуация жасап, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Оқу жаттығу барысында Серіктестіктің әкімшілік басқару қызметкерлеріне алғашқы өрт сөндіру құралдарын қалай қолданылатыны туралы практикалық сабақ өткізілді.