Серіктестікте 2026 жылдың ақпан айының өндірістік және ұйымдастырушылық қызметінің қорытындысы талқыланды. Жиынға құрылымдық бөлім басшылары мен өндірістік бригадалар шеберлер қатысты.
Кездесу барысында Серіктестіктің бас директоры Шырақбаев Дамир Әлібекұлы өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақталуы әрдайым басты назарда болуы тиіс екенін атап өтті.
Жұмыс барысында қауіпсіз жұмыс жасау және туәкелдерді алдын алу қағидаларын тұрақты түрде бақылауда ұстау жүйелері OMS life қосымшасына еңгізілгені таныстырылды.
Жиында ұңғымалардағы күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижелері, бос тұрыстарды азайту, жөндеу сапасын арттыру және өндірістік көрсеткіштерді орындау мәселелері, Цехтер бойынша көрсеткіштер талқыланды.
Сонымен қатар механика бөлімі мен автотізбек қызметінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде көтергіш қондырғыларға жоспарлы алдын алу жөндеу жұмыстар жақсы динамика көрсетіп, бос тұрыс уақытын қысқартуға мүмкіндік туғаны айтылды.
Ақпан айының қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен ӨМС-18 бригадасы марапатталып, олардың кәсіби еңбегі жоғары бағаланды.
Жиын барысында Серіктестікте жүзеге асырылып жатқан цифрландыру және жасанды интеллект жобалары таныстырылып, осы бағытты дамытуға арналған Жол картасы аясында, қызметкерлерге «TUMAR» бағдарламасы бойынша ақпарат берілді.
Тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар хаттамаға еңгізіліп, орындалуы тұрақты қадағалауда болатыны хабарланды.
![]()