Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ «Өзенмұнайсервис» ЖШС-де мамыр айының қорытындысы талқыланды.

«Өзенмұнайсервис» ЖШС-де мамыр айының қорытындысы талқыланды.

« Назад

«Өзенмұнайсервис» ЖШС-де мамыр айының қорытындысы талқыланды. 05.06.2026 12:00

2026 жылғы мамыр айының қорытындысына арналған кеңейтілген жиында серіктестіктің өндірістік және ұйымдастырушылық қызметінің нәтижелері сараланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды. Жиынға құрылымдық бөлімшелер басшылары, өндірістік қызмет өкілдері және бригада жетекшілері қатысты.

Жиын барысында Бас директор Шырақбаев Дамир Әлібекұлы өндірістік қауіпсіздік, еңбек қорғау және қоршаған ортаны сақтау талаптарын қатаң ұстану серіктестіктің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ өндірістік тәуекелдердің алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және бақылау жүйелерінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында ұңғымаларды күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижелері, өндірістік қауіпсіздік көрсеткіштері, бос тұрыс уақытын азайту, жөндеу сапасын жақсарту және негізгі өндірістік жоспарлардың орындалу деңгейі жан-жақты талқыланды.

Мамыр айында серіктестік бойынша 61 ұңғыма тапсырылып, ІҮН-393 сағатты құрады. Бұл көрсеткіштер өндірістік ұжымның үйлесімді жұмысы мен қойылған міндеттерді сапалы орындауының нәтижесі болып табылады.

Механика бөлімі мен автотізбек қызметінің үйлесімді жұмысының арқасында көтергіш қондырғыларға жүргізілген алдын алу жөндеу жұмыстары оң нәтиже беріп, техникалардың сенімділігін арттыруға және бос тұрыс уақытын қысқартуға ықпал етті.

Ай қорытындысы бойынша жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізген ӨМС-32 бригадасы арнайы марапатталып, олардың кәсібилігі мен жауапкершілігі жоғары бағаланды.

Жиын соңында алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер мен тапсырмалар бекітіліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.

#ӨзенМұнайСервис #АйҚорытындысы #ӨндірістікҚауіпсіздік #ЕңбекҚауіпсіздігі #ҰңғымалардыКүрделіЖөндеу

544520001447556

4532455040000111112

453245504000011111

57265,2400002


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»