«Өзенмұнайсервис» ЖШС-де 2026 жылғы маусым айының қорытындысына арналған кеңейтілген өндірістік кеңес өтті. Жиында серіктестіктің өндірістік және ұйымдастырушылық қызметінің нәтижелері сараланып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер белгіленді.
Кеңеске құрылымдық бөлімшелердің басшылары, өндірістік қызмет өкілдері мен бригада жетекшілері қатысты.
Бас директор Шырақбаев Дамир Әлібекұлы өндірістік қауіпсіздік, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұлжытпай орындау серіктестіктің негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар өндірістік тәуекелдердің алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және бақылау жүйелерінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиын барысында ұңғымаларды күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижелері, өндірістік қауіпсіздік көрсеткіштері, бос тұрыс уақытын қысқарту, жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру және өндірістік жоспарлардың орындалу деңгейі жан-жақты талқыланды.
Маусым айының қорытындысы бойынша серіктестік 65 ұңғыманы, жыл басынан 354 ұңғыманы тапсырды, ал ІҮН көрсеткіші жыл басынан 395 сағатты құрады. Бұл – өндірістік ұжымның үйлесімді еңбегі мен жоғары жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Механика бөлімі мен автотізбек қызметінің бірлескен жұмысының нәтижесінде көтергіш қондырғыларға жүргізілген алдын алу жөндеу жұмыстары техникалардың сенімділігін арттырып, бос тұрыс уақытын қысқартуға оң әсерін тигізді.
Ай қорытындысы бойынша үздік өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізген ӨМС-45 бригадасы арнайы марапатталып, олардың кәсібилігі мен жауапкершілігі жоғары бағаланды.
Жиын соңында алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалып, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.
![]()
![]()
#ӨзенМұнайСервис #АйҚорытындысы #ӨндірістікҚауіпсіздік #ЕңбекҚауіпсіздігі #ҰңғымалардыКүрделіЖөндеу БірКомандаБірМақсат