Ширек ғасыр бойы ұжымның әлеуметтік жағдайын және дамуына үлес қосып келе жатқан Жөндеу кәсіподағының 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Кәсіподақ мүшелері және Серіктестіктің өркендеуіне елеулі үлес қосқан қызметкерлер марапатталып, оларға алғыс білдірілді.
Бүгінде кәсіподақтар «ӨзенМұнайСервис» ЖШС қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп, ұжымның бірлігі мен татулығын нығайтуға өз үлесін қосып келеді.
Барша кәсіподақ мүшелеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!
#ӨзенМұнайСервис #ЖөндеуКәсіподағы #25Жыл #Еңбекадамы