
Жаздың шуақты күндері балалар үшін ең керемет сәттердің біріне айналары анық. Бүгін, 2025 жылдың 3 маусымында, ӨзенМұнайСервис ЖШС қызметкерлерінің балалары Алматы қаласындағы әсем табиғат аясында орналасқан “Айналайын” жазғы балалар лагеріне 1-кезең бойынша жолға шықты.
Бұл — балалар үшін тек демалыс қана емес, жаңа достар тауып, ерекше әсерлерге толы күндерді бастан кешіретін маңызды кезең. Лагерь бағдарламасы балалардың уақытын тиімді өткізіп, шығармашылығын дамытып, спорттық және мәдени шараларға қатысуына мүмкіндік береді.
Компания ұжымы әр баланың қауіпсіздігі мен көңілді демалысын қамтамасыз етуге баса назар аударып отыр. Бүлдіршіндеріміздің жарқын күлкісі мен шаттыққа толы сәттері ата-аналарына да қуаныш сыйлайды деген сенімдеміз.
ӨзенМұнайСервис ЖШС ұжымы барлық сапарға шыққан балаларға сәттілік пен көтеріңкі көңіл-күй тілейді!
instagram: @kmgoms / видео сілтеме бойынша