
Зейнеткерлікке жолдама
«ӨзенМұнайСервис» ЖШС жұмысшылары зейнет демалысына жолдама алды.
Өндірістік қамту базасының 5 дәрежелі жөндеушісі Гильманов Сагинбай Шайхиевичпен 5 дәрежелі өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі жөндеушісі Ешпанов Камысбай Кидирбаевич ұзақ жылдар бойы мұнай-газ саласында еңбек етіп зейнеткерлікке шықты.
Зейнеткерлікке шыққан ардагерді “Қарттар күніне орай” ұйымдастырылған кезекті басқосу жиынында ұжым атынан басшылық құрам арнайы құттықтап, Серіктестігіміздің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Гүл шоқтарын ұсынып, сый-сияпат табыстады.
Өз кезегінде еңбек ардагері “ӨзенМұнайСервис” ЖШС-не ризашылығын жеткізді.