ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС ЖАСТАР КЕҢЕСІНЕ 10 ЖЫЛ!
Биыл “ӨзенМұнайСервис” ЖШС Жас мамандар Кеңесінің құрылғанына 10 жыл толды. Осыған орай серіктестік “ҚазМұнайГаз” АҚ еншілес мекемелерінің жас мамандары арасында ауқымды 2 күндік форум өтті.
Онда компанияның Бас директоры Мыңтұрғанов Қанағат Нұрымұлы жастар кеңесінің мерейлі жылымен құттықтады.
Жиында құрметті қонақ болып келген “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ Әлеуметтік саясат және ішкі коммуникациялар басқармасының бастығы Бақдаулет Каналбекұлы Төлеген, “ӨзенМұнайСервис” ЖШС Бас директордың қызметкерлерді басқару, еңбекақы төлеу және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Нұрым Амантайұлы Ермағанбетов, Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Даниэльұлы Оралбай және “Жөндеу” ЖШС қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Кыдырсых Ибрайымович Сундетбаевтардан құралған басшылық құрам жастармен ашық форматта кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында басшылық құрам жастарға өзерінің кеңестерін айтып сұрақ жауап форматында кездесу өткізілді.
Ашылу салтанатында жастар кеңесінің 35-жастан асқан, яғни ұйымның ардагер мүшелеріне алғыс білдіріп, иықтарына шапан жауып, құрметін білдірді. Сонымен қатар Қаныш Сатбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық Аламан айтыста топ жарған компания қызметкері Абай Жолмағанбетовті де жеңісімен арнайы құттықтап, кәделі сый жасады.
2 күнге жоспарланған шараға “ҚазМұнайГаз” АҚ-ына еншілес 16 компанияның жастары қатысты. Форум аясында жастарға “Тиімді келіссөздер және көпшілік алдында сөйлеу” тақырыбында Қайрат Хасановтың семинары, интектуалды ойын «Ми Баттл», интелектуалды ойын «Quiz”, командалық тимбилдинг сынды танымдық-сауықтық шаралары ұйымдастырылды.