
1 қазан - Қарттар күніне орай “ӨзенМұнайСервис” ЖШС ұйымдастыруымен ардагерлер арасында кезекті басқосу жиыны өткізілді.
“Қариясы бар үйдің қазынасы бар” демекші, компания әкімшілігі еңбек ардагерлеріне мейрамхана төрінен орын беріп, сый-құрмет көрсетті. Ақ дастархан жайылып, ұлттық өнер және өнегелі әңгімемен сусындаған керемет отырыс болды.
Ұрпақ сабақтастығын алға тартқан дәстүрлі жиында данагөй қарттар ізін жалғаған мамандарға батасын беріп, ризашылықтарын жеткізді.