
1 МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
Құрметті ұжымдастар! Баршаңызды Бірлік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
130-дан астам өзге ұлт өкілдері мекендеген еліміз үшін бұл күннің маңызы зор. Әр түрлі ұлт пен ұлысқа ортақ қастерлі Отанға айналған Қазақстанда атаулы мереке 28 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мереке шынында да біздің бірлігіміздің айғағы, ынтымағымыздың қазығы десек артық етпес.
Бірлік күнімен құттықтай отырып, әрбір отбасыға бақыт, әр шаңыраққа шаттық тілейміз! Ынтымақ, ырысымыз артып, береке-байлығымыз таси берсін! Мемлекетіміз қарқынмен дамып, өркендей берсін! Отанымыз үшін жасайтын игі істеріміз көп болсын!