2021 жылы 10-қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында "Қауіпсіз тұрақты даму жолында" тақырыбында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ директорларының ІV форумы өткізілді.
Форум "ҚазМұнайГаз" компанияларындағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды бағалау, қызметкерлердің өмірін сақтау, денсаулығын нығайту жолында тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында сөз сөйлеген басқарма басшысы А.Айдарбаев "Біздің басты міндетіміз - кәсіпорындарда ерен еңбек етіп, ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген барлық қызметкерлердің денсаулығын нығайтып, өмірін сақтау. Еншілес және тәуелді ұйымдар басшыларының негізгі міндеті - қызметкерлерді толықтай қауіпсіздікпен қамтамасыз ете отырып, өндірісте орын алатын жарақат алу деңгейі мен жазатайым оқиғаларды болдырмауға күш салу. Еңбек ұжымы әрқашан басшыға қарап бой түзейді. Сондықтан бірінші басшы өндірістік қауіпсіздік мәселесіне басымдық беріп, ерекше мән беруі тиіс" деген міндет жүктеді.
Форум кезінде "ӨзенМұнайСервис" ЖШС-не еңбектегі қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы үздік көрсеткіштері үшін "100 пайыз қауіпсіздік" титулы табысталды.