Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ 150 орындық асхана құрылысы жобасының жүзеге асырылу барысы туралы

150 орындық асхана құрылысы жобасының жүзеге асырылу барысы туралы

« Назад

150 орындық асхана құрылысы жобасының жүзеге асырылу барысы туралы 16.09.2025 10:00

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары бойынша қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық еңбек жағдайлары мен демалысын жақсарту жөніндегі жол картасын жүзеге асыру аясында «ӨзенМұнайСервис» ЖШС 150 орындық асхана құрылысын жүзеге асыруда.

Нысанда іргетас құю, металл қаңқаны монтаждау, сэндвич-панельдермен қаптау жұмыстары аяқталып, ішкі әрлеу және шатыр орнату жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар аумақты абаттандыру аяқталды: жол және тұрақ аймақтары дайындалып, асфальт төселді, қоршау мен беседка орнатылды. Алдағы кезеңде көгалдандыру және шаруашылық пен өртке қарсы қажеттіліктерге арналған резервуарларды салу жоспарланған.

Инженерлік желілер бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылды: сыртқы су құбыры мен кәріз желісі жүргізіліп, электр беру желілерін орнату басталды.

Жаңа асхана қызметкерлерге қолайлы жағдай жасап, сапалы тамақтануды қамтамасыз ететін болады.


instagram: @kmgoms / видео сілтеме бойынша


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»