20 қазан – Халықаралық аспаздар күні. Бұл мереке әлемнің 70-тен астам елінде 2004 жылдан бері атап өтіліп келеді.
«ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігі мамандарына біраз жылдан бері дәмді ас ұсынып келе жатқан @kmgep_catering компаниясының аспаздарын ұжым атынан бүгінгі кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Осы сәтті пайдалана отырып, дәмі тіл үйірер тағам дайындауды жаны сүйетін аспаздар қауымына алғыс білдіреміз! Мұнай саласында қызмет ететін әрбір маманның дені сау болуы – өте маңызды. Осы міндетті абыроймен атқаруда сіздердің қосатын үлестеріңіз – зор.
Қызметте толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз. Дендеріңіз сау, жанұяларыңыз аман болсын! Көптің игілігі үшін құнарлы ас дайындайтын алтын қолдарыңыз дерт көрмесін!