27.08.2024 жылы Серіктестіктің бас ғимаратында «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «Жөндеу» ЖШС қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті және «Шаңырақ» жергілікті кәсіподағы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған ұжымдық шартқа №2 қосымша келісім жасақталды.
Жұмыс беруші және Кәсіподақтар комитеті мүшелерінен құрылған комиссияда №2 қосымша келісім жобасы қаралып, құжат бекітілді.
№2 қосымша келісімге «ӨзенМұнайСервис» ЖШС директоры Қанағат Мыңтұрғанов және Кәсіподақ төрағалары қол қойды.
Айта кететін жәйт, Жаңа келісім бойынша өзгерістің бірі жұмыскердің 6 жасқа жыл аяғына дейін толатын және 17 жасты қоса есептегенде баласы болатын жағдайда әр балаға 1 қыркүйек Білім күніне орай салықтарды есептемегенде 20 АЕК мөлшерінде бір жолғы төлемі өсті.
Жаңа өзгерістерге байланысты 1 қыркүйек Білім күніне орай берілетін материалдық көмек арыз бергендерге ертеңнен бастап түсіріледі.